Weight Loss Program
Please update your Flash Player to view content.
Please update your Flash Player to view content.

Атырау облысы кураторлар Кеңесінің жоспарына сәйкес 25 сәуір күні Атырау медицина колледжінде 1мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күніне арналған «Достықтың алтын көпірі» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.Онда жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-сессиясындағы Елбасының «Бір халық – бір ел, бір тағдыр» тақырыбында сөйлеген сөзінің негізінде бүгінде елімізде бір атаның баласындай өмір сүріп жатқан сан ұлт өкілдерінің достығын, мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетуге арналды.

Шараға арнайы қонақ ретінде этномәдени орталықтары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыс әкімдігі, Атырау облысы кураторлар Кеңесінің мүшелері шақырылды. Олардың атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 сессиясына қатысушы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының өкілдері Сейтамин Акаев, Зелемхан Зубалиев, облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина, Кеңес хатшысы Бупежан Иманғалиева, медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбарам Абдрахманова «Барша ұлттар мен ұлыстар бір шаңыраққа біріктерген көк байрақты Қазақстан тұрғанда біз достыққа сенеміз!» дей келіп, білім мен өнерді, жаңашылдық пен ізгілікті, достық пен бірлікті өздеріне үлгі тұтқан медицина колледжі студенттерінің бұл шарасы облыс деңгейінде өзге оқу орындары үшін үлгі болғандай деген ризашылықтарын білдірді.

Атырау облысы кураторлар Кеңесінің хатшысы Б.Имангалиева

 
Объявления
Авторизация



Фотогалерея
Сейчас на сайте
Сейчас 34 гостей онлайн
Последние новости